Жоба мақсаты
OMS жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, құрылымдалмаған ақпаратты терең талдау үшін әлеуметтік желілерді мониторингтеуді және интернет-кеңістікті контент-талдауды қамтамасыз етеді.
Мақсаты — мәтіндік массивтерден білім алу, пайдаланушылардың контентті қабылдауын және қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін бағалау.
Функционалдық мүмкіндіктер
- Қазақ және басқа тілдердегі әлеуметтік медиадан деректерді іздеу және өңдеу
- Жаңалық контенті мен пікірлердің реңкін автоматты түрде анықтау
- Сандық талдау: статистика, дереккөздер, кілт сөздер, хэштегтер, авторлар, тіл, орналасу
- Есептерді қалыптастыру, көрнекі визуализация және есептерді e-mail-ге автоматты жеткізу
- Қоғам көңіл-күйін бағалауға сарапшыларды тарту және әлеуметтік әл-ауқатты бағалау
Патенттер
Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 2300, 16.07.2018 ж. Авторлар: Мутанов Г.М., Мамыкова Ж.Д., Сундетова Ж.Т., Төрекұл С.М.