Мақсаты мен мәселесі
Жобаның мақсаты — сараптама сапасын арттыру және уақыт пен материалдық шығындарды қысқарту мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды сараптауды оңтайландыру мен автоматтандыруға арналған зияткерлік жүйені әзірлеу.
Қазіргі сараптама процесі қателіктерге, субъективизмге және сыбайлас жемқорлыққа бейім, бұл шешімдердің сапасы мен оларға деген сенімді төмендетеді әрі елдің ғылыми-техникалық дамуына қауіп төндіреді.
Шешім
- Сараптама процесіне ЖИ алгоритмдерін, DomainWikiQA және Blockchain технологиясын енгізу
- Жобаларды сараптау процесінің негізгі кезеңдерін автоматтандыру
- Субъективизм мен адами қателіктерді азайту
- Барлық кезеңдерде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету
- Критерийлер бойынша бағалау: жаңашылдық, іске асырылуы, күтілетін нәтижелер, топ құзыреттілігі, пәнаралықтық, қаржыландыру негізділігі