2024 жылғы 23 сәуірде Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE) ұйымдастырған «Орталық Азия аймағы елдерінің тәжірибесіндегі білім беру сапасын қамтамасыз ету кепілдігінің Еуропалық үлгісі» атты Workshop-та білім беру саласындағы жаһандық саяси диалог өтті. Ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE), Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясы (ҚЖМ ҰҒА). Инженерлік білім беруді аккредиттеу бойынша Еуропалық желі (ENAEE), Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету қауымдастығы (ENQA), инженерлік оқытушылардың кәсіби дамуы бойынша ENTER желісі қолдау жасады. Ұсынылған алаңда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары, аккредиттеу агенттіктері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, аккредиттеу, рейтинг және біліктілікті арттыру саласындағы ғалымдар мен сарапшылар ЕуроОдақпен бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құрудың ортақ идеясын нақты мазмұнмен толықтыруға өз үлесін қосқан қызықты оқиғаға қатысты. Барлық баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің воркшопта талқылаған негізгі мәселесі Орталық Азия өңіріндегі, әсіресе инженерлік білім беру саласындағы білім беру сапасын арттыру болды. Workshop-қа қатысушыларының барлығының пікірінше, Инженерлік білім беруді аккредиттеу бойынша Еуропалық желінің (ENAEE) президенті Хосе Карлос Квадрадоның «Орталық Азияның білім беру ерекшелігіндегі жолы: EUR-ACE белгісін қабылдау» атты баяндамасы ерекше және мазмұнды болды. «Еуропа Одағының ERASMUS+ жобалары аймақтағы инженерлік университеттердің еуропалық білім кеңістігіне интеграциялануының негізі ретінде» атты CAAAE президенті, ҚЖМ ҰҒА А.Әбжаппаровтың баяндамасында Орталық Азия аймағындағы аккредитация үрдістерінің Еуропалық Одақтағы ұқсас үрдістермен синхронды дамуы жарқын әрі көрнекті көрсетілді. Scopus материалдарын талдау негізінде алғаш рет ENAEE вице-президенті, профессор М.М.Бүркітбаев Дүниежүзілік банктің сарапшысы Марк Акоевпен бірге «Орталық Азия елдеріндегі инженерлік ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық: жағдайы және болашағы» атты мақаласында Орталық Азия аймағындағы ғалымдардың нақты ғылыми өзара әрекеттесуіне аналитикалық есептер жүргізді. PhD докторы, iPEER Сагидолда Еруланның «Халықаралық желілік ынтымақтастық негізінде инженерлік мамандықтарды оқытудың көп деңгейлі модульдік жүйесін құру –ENTER халықаралық желісі» баяндамасынан кейін қатысушылар арасында өте қызу, қызығушылық танытқан диалог болды. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры С.Ж.Рахметуллинаның Инженерлік білім берудің ұлттық моделін қамтитын Инженерлік білім беруді дамыту тұжырымдамасын қалыптастырудан тұратын жобасы жарқын және есте қаларлық болды. Спикерлер арасында Германиядан келген профессор Ласло Унгвари және т.б. болды. Workshop-тың барлық қатысушылары, атап өткендей, Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету қауымдастығындағы (ENQA) агенттіктерді тексеру бөлімінің басшысы Горан Даковичтің сөзі де өте әсерлі болды. Өз сөзінде Дакович мырза ENQA растаған Еуропалық стандарттарды қатаң ұстанатын CAAAE жұмысының тұрақтылығы мен сапасына зор сенім білдірді. Сондай-ақ, ол қауымдастықтың кез келген бастамасын әрқашан қолдауға дайын екенін атап өтті. Бұл сөздер оның CAAAE кәсібилігі мен мақсаттарына деген жоғары құрметін көрсетеді.