
Сейтқасымов Ғабдығапар Сағитұлы. Ш. 198. – 358 б., сур.
Бұл кітап ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғабдығапар Сейтқасымовтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Жинақта еліміздің қаржы, экономика саласын дамытуға зор үлес қосқан көрнекті ғалым, білікті ұстаз, ұтқыр ұйымдастырушының баспасөз бетінде жарық көрген еңбектері мен мұрағат құжаттары және фотосуреттері берілген. Сондай-ақ академиктің ғылыми-педагогтік қызметі мен қайраткерлік қыры туралы әріптестерінің, шәкірттері мен дос-жарандарының естеліктері жинақталған.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.