
Табылдиев Х. Ш. 207. – 339 б.
Бұл кітап көрнекті қоғам қайраткері, педагог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алғашқы ректоры Хисмет Бозанұлы Табылдиевқа арналған.
Х.Б. Табылдиев есімімен Атырау өлкесінің тарихы, ата-баба шежіресі, Сарайшық сынды қасиетті мекендердің тарихы тығыз байланысты. Бұл шығарылымда көрнекті ғалымның таңдамалы еңбектері, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері және ол жайында замандастарының естеліктері мен БАҚ басылымдары берілген.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.