Әбу Насыр әл-Фараби: Энциклопедия – 680 б. + 20 б. Жапсырма

Әбу Насыр әл-Фараби: Энциклопедия – 680 б. + 20 б. Жапсырма

Шыққан жылы: 2020ISBN: 978-601-04-4751-2

«Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар» дейді халқымыз. Тарихта ұлы адамдар аз емес. Солардың ішінде мың жылдың шебінен өтіп, бүгінгі күнге жеткендері санаулы ғана. Қазақ даласынан шыққан отырарлық ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби – осындай бірегей тұлға. Өз кезеңіндегі ғылым мен білімнің барлық саласы бойынша айтулы еңбектер қалдырған энциклопедист ғалым, кемеңгер философ, дарынды математик, астролог, музыка теоретигі, шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы болумен бірге ежелгі грек ойшылы Аристотельдің шығармаларына алғаш рет ғылыми түсініктеме беріп, «Екінші ұстаз» атанғаны белгілі.

Елімізде данышпан бабамыздың ғылыми мерекесі 1975 жылы өткен еді. Содан бергі жарты ғасырға

жуық уақыт ішінде ұлы ғұламаның рухына бағышталған қыруар игі істер жүзеге асты. Ғалымның

1150 жылдық мерейтойына орай биыл тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл энциклопедия әрбір қазақ

баласының қасиетті рухани мүлкіне айналады деген сенімдеміз.