
Әбжаппаров Әбдімүтәліп. Ш. 194 – 363 б.
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының және ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров туралы кітапта ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектері, баспасөз бетінде жарық көрген мақала-сұхбаттары және мұрағат құжаттары мен фотосуреттері топтасқан. Сондай-ақ замандастары мен әріптестері айтулы тұлғаның ғылым-білім саласына қосқан үлесі, отандық жоғары оқу орындарын басқарудағы ұйымдастырушылық, ұстаздық, ғалымдық, қайраткерлік қыры хақында сыр шертеді.