
Аманат IV: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-педагогикалық қауымдастығы өкілдерінің мақалалар жинағы – 289 б.
Бұл кітапқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми-педагогикалық қауымдастығы өкілдерінің мақалалар жинағы еніп отыр. Университет өмірінде ғана емес, отандық, сондай-ақ әлемдік ғылым мен білім саласында зор беделі бар, көргені мен түйгені мол, өмірдің небір қиын-қыстау кезеңдерінен өткен жандар ретінде танымал ғалымдардың өмірлік тәжірибесі, ой-толғамдары, болашақ жастарға деген ізгі тілектері берілген. «Аманат» болашақта дәстүрлі түрде шығып тұратын көп сериялы жинақтың 4-ші кітабы.
Жинақ студент жастар мен көпшілік оқырман қауымға арналған.