Валютаны сатып алу-сату операциялары бойынша шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық жүйесі

Валютаны сатып алу-сату операциялары бойынша шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық жүйесі

Шыққан жылы: 2012ISBN: 978–601–247–604–0

Монография сату операцияларын талдауға, пайдалы циклдерді болжауға, шешім қабылдауға қажетті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік беретін әдістер мен математикалық үлгілерді ұсынады.

Валюталық нарықты неғұрлым терең талдау, екінші деңгейдегі банктерде валюта бағамын түзету туралы шешім қабылдау үшін практикалық ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ валюта нарығын зерттеуге байланысты курстарды даярлау кезінде білім беру мақсатында қолдануға болатын ақпараттық жүйе жасалды және енгізілді. Бағдарламалық жасақтама және әзірленген жүйенің құралдары сипатталған.

Кітап әлеуметтік-экономикалық жүйелерді математикалық модельдеумен айналысатын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және қаржы қызметкерлеріне арналған.