Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы (еңбектерге түсініктеме)

Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы (еңбектерге түсініктеме)

Шыққан жылы: 2020ISBN: 978-601-04-4465-2

Бұл басылым ұлы ойшыл, әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған. Кітапта ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттарының интеллектуалды мазмұны, олардың логикалық-конструктивті және онтологиялық байланысы қарастырылады. Ойшылдың ғылыми және философиялық парадигмалары орта ғасырларда әлемнің жаңа интеллектуалдық ашылуы ретінде объективті тарихи позициялардан ұсынылған. Әл-Фарабидің түсініктемелері ғылым мен философиядағы жаңа идеяларды түсіну және өндіру перспективаларын негіздейтін қосымша білімнің диалогы ретіндегі маңыздылығы негізделген.

Монография ғалымдарға, университеттер мен колледждердің студенттеріне, магистранттар мен PhD докторанттарға, оқытушыларға, сондай-ақ өткеннің ғылыми, рухани, мәдени мұрасына және оның қазіргі және болашақтағы маңыздылығына қызығушылық танытатын қалың оқырманға арналған.