
Кенжебаев Сағындық. Ш. 177 – 354 б.
Бұл кітап көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философ-ғалым, ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Жүнісұлы Кенжебаевтың ғибратты ғұмыры мен қызметіне арналады. Оған ғалымның таңдамалы еңбектері, ол туралы замандастарының пікірлері мен мақалалары, сондай-ақ мұрағат құжаттары, фотосуреттері, арнау өлеңдер енді.