
Құсайынов Амангелді. Ш. 162 – 316 б.
Іскер басшы, білгір ұйымдастырушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тұңғыш ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының академигі, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Амангелді Құсайынов туралы кітапқа бастамашыл әрі жаңашыл ғалым-ұстаздың еңбектері, сыр-сұхбаттары енгізілген. Сондай-ақ тәуелсіз еліміздің жоғары білім беру саласын дамытуға ұзақ жылдар бойы зор үлес қосып келе жатқан тұлғаның ғибратты ғұмырын үлгі еткен әріптестері мен шәкірттерінің мақалалары, фотосуреттер, мұрағат құжаттары берілді.