
Әшімов Асанәлі. Ш. 158 – 371 б.
Қазақ театр және кино өнерінің мэтрі, «Алаштың Асанәлісі» атанған Асанәлі Әшімов туралы бұл кітап актердің 80 жылдық мерейтойына арналды. Жинаққа әртістің «Менің жанрым – күнделік» атты ақ қағазға қаламы салған жан толғаныстары, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері енген. Сонымен қатар оның бекзат болмысы, талант қуаты туралы замандастары мен бір сахнада өнер көрсеткен әріптестерінің сырлы естеліктері жинақталған.