
Тоқаев Кемел. Ш. 156 – 401 б.
Бұл кітап ұлт журналистикасын кәсіби деңгейге көтеруге атсалысқан сара сөздің сардары, белгілі публицист, тұңғыш қазақ детектив жазушысы Кемел Тоқаевтың ұлт руханияты үшін еткен еңбегінен, ғибратты ғұмырынан сыр шертеді. Онда көркемсөз шеберінің «Сарғабанда болған оқиға», «Түнде атылған оқ» повестері, «Соңғы соққы» романы, «Милиция – қорғаным» пьесасынан үзінді берілген. Сондай-ақ мұрағат құжаттары, фотосуреттер, замандастарының, әріптестерінің, шәкірттерінің ыстық лебізге толы естеліктері қамтылды.