
Молдахметов Зейнулла. Ш 145 - 312 б.
Кітап химик, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Зейнолла Молдахметұлы Молдахметовке арналған. З.Молдахметов - физика-химия ғылымына, атап айтқанда фотохимия және органикалық молекулалардың фотофизикасы, теориялық және қолданбалы спектроскопия, кванттық химия және органикалық молекулалардың реактивтілігі туралы ғылымдарға айтарлықтай үлес қосқан көрнекті ғалым. Кітапта таңдамалы ғылыми еңбектер, мақалалар, әріптестердің, достардың, туыстардың естеліктері, фотосуреттер мен мұрағат материалдары ұсынылған.