Ниязбек Рафаэль. Ш. 143 – 388 б.

Ниязбек Рафаэль. Ш. 143 – 388 б.

Шыққан жылы: 2018ISBN: 978-601-04-3347-2

Көрнекті ақын, белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстанның Халық батыры, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар одағының С. Есенин алтын медалінің иегері Рафаэль Ниязбек қолына алғаш қалам ұстағалы бері сенімін сертке ұстап, елдің елдігін, ердің ерлігін талмай жырлап келеді. Оның тәуелсіз мемлекетіміздің мерейі, егемен еліміздің сән-салтанаты және заман келбеті, уақыт тынысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы жайында жазған жауһар жырлары кім-кімді де сүйсіндірмей қойған емес. Бұл кітапқа ақынның өз туындылары, шығармашылық өмірі мен тұлғалық бейнесі хақында қалам тербеген сөз зергерлерінің ыстық ықыласқа толы ой-толғамдары еніп отыр.