
Қалижанов Уәлихан. Ш. 137 – 363 б.
Бұл кітап Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қырғызстан Республикасы Ш. Айтматов атындағы академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, еліміздің ғылым және журналистика саласын дамытуға айрықша үлес қосқан танымал тұлға, жазушы, филология ғылымдарының докторы У.Қ. Қалижановтың 70 жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр. Кітапта ғалым-публицистің ғылыми-зерттеу еңбектері, сұхбаттарымен қатар мұрағат құжаттары, фотосуреттері және замандастары мен әріптестерінің, шәкірттерінің ыстық лебізге толық естелік-эсселері топтастырылған.