
Байзақов Сайлау. Ш. 125 – 403 б.
Бұл кітап Қазақстанда экономика-математикалық ғылымдар бағыты мен мектебінің негізін қалаушылардың бірі, белгілі ғалым, педагог, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау Байзақовтың 80 жылдық мерейтойына орай дайындалды. Оған өмірбаяны, ғылым-білім саласындағы зор қызметі мен ізденістерінің нәтижелері, соңғы кездері жиі қайталанып жүрген қаржы-экономикалық ағымдар туралы пайымдаулары, оларды эконометрикалық әдістер арқылы анықтау және болжау мүмкіндіктерін қарастырған зерттеулері, бұрын-соңды ғалым туралы замандастары мен шәкірттері жазған мақалалар мен естеліктер, мұрағат құжаттары мен фотосуреттер енді.
Кітап қалың оқырманға, студент жастар мен ғылыми ізденушілерге арналған.