
Асқар Жұбанов. Ш. 119 – 336 б.
Бұл басылым қазақ тіл білімі саласындағы көрнекті тұлға, белгілі математик әрі тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 80 жылдық мерейтойына орайластырылып шығарылды.
Кітапқа ғалымның өмірі мен ғылыми шығармашылық қызметі туралы ресми мәліметтер, А.Қ. Жұбановтың негізгі ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі, тіл ғылымы мен білім беруге қосқан үлесі және адами қасиеттері туралы ұстаздары мен замандастарының, шәкірттері мен туған-туыстарының ой-толғамдары, сондай-ақ ғалымның өмірі мен қызметі туралы мұрағаттық материалдар, фотосуреттер енгізілді.
Кітап ғалымдарға, оқытушылар мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға – жалпы көпшілік қауымға арналады.