Асқаров Асанбай. Ш. 116 – 385 б.

Асқаров Асанбай. Ш. 116 – 385 б.

Шыққан жылы: 2017ISBN: 978-601-04-2844-7

Бұл кітап ұлтына деген ұлы сезімімен ел мұраты жолында аянбай еңбек еткен арда азамат, Жамбыл, Алматы, Шымкент облыстарын ширек ғасырдан астам басқарып, үш облысты гүлдендірген, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан Социалистік Еңбек Ері, елдің бағына туған асыл ер Асанбай Асқаровтың 95 жылдық мерейтойына арналады. Кітапта алмағайып заманда «Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, ұлтшыл» деп жазықсыз жала жабылып, қуғын-сүргінді бастан өткерген азаматтың тар қапаста жатып жазған жырлары мен ой-толғамдарынан үзінділер беріліп, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері топтастырылған. Сондай-ақ тұғыры биік тұлғамен өмір сапарында бірге болған замандастары, дос-жарандары мен әріптестері, ізбасарлары мен шәкірттерінің ыстық лебізге толы естеліктері енгізілген.