
Сембаев Даурен. Ш 115 - 287 б.
Кітап тотығу катализі саласындағы көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Дәурен Хамитұлы Сембаевты еске алуға арналған. Д.Х.Сембаевтың іргелі зерттеулерінің нәтижесі - ыстыққа төзімді полимерлер, тұрақты бояғыштар мен дәрілік препараттарды өндіруге арналған ангидридтер, имидтер, карбон қышқылдарының нитрилдерін синтездеудің перспективті әдістерін жасау.
Оқырман назарына ғалымның таңдамалы еңбектері, белгілі ғалымдардың, туыстары мен замандастарының естеліктері, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын мұрағат материалдары мен фотосуреттер ұсынылады.