
Жаңабаев Зейнулла. Ш 111 - 286 б.
Кітап белгілі физик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Жаңабайұлы Жаңабаевқа арналған. Профессор З. Жаңабаев елімізде радиоэлектрониканың, нанотехнологияның, электронды байланыстың басым мәселелері бойынша жаңа технологиялардың ғылыми негізін құруға және жетілдіруге ықпал ететін жаңа ғылыми бағыттың - бейсызық физика мен синергетиканың дамуының бастамашысы болып табылады.
Оқырман назарына мұрағат материалдары, замандастары мен туыстарының естеліктері, ғалымның таңдаулы еңбектері, сондай-ақ фотосуреттер ұсынылған.