
Мұхамеджанов Серік. Ш 106 - 292 б.
Кітап геология және минералогия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасының Минералды ресурстар академиясының, Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдары академиясының, Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі, профессор Серік Мұхамеджанұлы Мұхамеджановқа арналған. Ғалым С.М. Мұхамеджановтың гидрогеологиялық зерттеулері бүкіл Қазақстан территориясын қамтиды, соның негізінде жер асты суларын халық шаруашылығында пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар жасалды. Профессор С.М.Мұхамеджанов К.И. Сәтбаевтың ең жақын серіктестері мен көмекшілердің бірі болды, Қазақ КСР Ғылым академиясының геология ғылымдары институтының ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді.
Басылым мұрағат материалдарын, замандастары мен туыстарының естеліктерін, БАҚ жарияланымдарын және ғалымның таңдаулы еңбектерін, сонымен қатар фотосуреттерді ұсынады.