
Жұбанов Ахмет. Арнаулы шығарылым - 387 б.
Кітап көрнекті қазақ композиторы, Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы және өнертану мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тарихындағы жалғыз академик, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының алғашқы ректоры Ахмет Жұбановқа арналған. А.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастырушысы және алғашқы дирижері, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұйымдастырушысы және алғашқы директоры, консерваториядағы қазақ халық аспаптары және дирижерлік кафедрасының ұйымдастырушысы және алғашқы меңгерушісі. Басылымда мұрағат материалдары, белгілі ғалымдардың, замандастарының, студенттер мен туыстардың Ахмет Қуанышұлы Жұбанов туралы естеліктері, сонымен қатар әр жылдардағы фотосуреттері ұсынылған.
Кітап қалың оқырман қауым үшін қызықты болады.