
Әуезов Мұхтар. Арнаулы шығарылым – 375 б
Бұл кітап қазақ әдебиетінің алыптарының бірі, «Абай жолы» роман-эпопеясымен күллі қазақ халқын әлемге танытқан ұлы жазушы, шебер аудармашы, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі М.О. Әуезовке арналады. Кітапта қаламгердің әр жылдардағы ғылыми-зерттеу мақалаларымен қатар сапар жазбалары, көркем шығармаларынан үзінді, мұрағат құжаттары, фотосуреттері, шәкірттері мен замандастарының ыстық лебізі, шетел қаламгерлерінің пікірі топтастырылған.
Кітап ұстаздарға, студенттер қауымына, магистранттар мен көпшілік оқырманға арналған.