
Масенов Төлеген. Ш 95 - 280 б.
Кітап биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Мәсенұлы Мәсеновтің туғанына 100 жыл толуына арналған. Т.М.Мәсенов Қазақстанда омыртқалы жануарлардың салыстырмалы морфологиясы бойынша ғылыми мектептің негізін қалаушы болып табылады. Профессор Т.М.Мәсеновтың еңбектері ТМД және шет елдердің жетекші биологтарының арасында кең танымал.
Басылымда ғалымның таңдамалы еңбектері, атақты ғалымдардың, Т.М.Мәсеновтің туыстары мен замандастарының естеліктері, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын мұрағат материалдары мен фотосуреттер оқырман назарына ұсынылады.