
Қожамқұлов Төлеген. Ш 80 - 390 б.
Кітап атақты ғалым, 2001-2008 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ғылым және технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайреткері Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловқа арналған.
Т.Ә. Қожамқұловтың 70 жылдығына арналған басылымда ғалымның отбасы, туыстар туралы эсселері, ғалымдар туралы мақалалар, таңдамалы еңбектер мен сөйлеген сөздер, шолулар, отбасы мүшелерінің, әріптестерінің, эсселері, сонымен қатар мұрағат деректері мен әр жылдардағы фотосуреттер ұсынылған.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.