Жұбанов Қайыр. Ш 73 - 366 б.

Жұбанов Қайыр. Ш 73 - 366 б.

Шыққан жылы: 2016ISBN: 978-601-04-1172-2

Кітап белгілі ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО өнертапқышы, «Құрмет» орденінің кавалері, техника ғылымдарының докторы, профессор, катализ және мұнай химиясы кафедрасының ұйымдастырушысы және меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы және бірінші директоры Каир Ахметұлы Жұбановқа арналған.

Басылымда академиктің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі, таңдаулы еңбектері туралы мәліметтер берілген. Оның Кеңес Одағының ірі кәсіпорындарында өндірісте студенттермен бірге жасаған жаңа технологиялар мен катализаторларды ұйымдастыруда және енгізудегі белсенді жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Оқырмандар назарына туыстарының, достарының, әріптестерінің, студенттердің пікірлері мен тілектері, сонымен қатар әртүрлі жылдардағы мұрағат деректері мен фотосуреттері ұсынылған. Кітап қалың оқырманға арналған.