
Қасымов Құлжабай. Ш. 66 – 373 б.
Бұл кітап ұлағатты ұстаз, білікті ұйымдастырушы, Англиядағы Интернационалдық өмірбаян орталығы математика саласындағы аса көрнекті жетістіктері үшін «1900–2000 жүз жылдықтың адамы» атаған физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қ.Ə. Қасымовтың өмірінен сыр шертеді. Онда ғалымның əр жылдары жарық көрген еңбектерінен үзінділер, мақалалар, мұрағат құжаттары, фотосуреттер, əріптестері мен шəкірттерінің, отбасы мүшелерінің ыстық ықыласқа толы лебіздері берілген.
Ұстаздарға, студенттер қауымы мен ғылыми ізденушілерге жəне көпшілік оқырманға арналады.