
Байжанов Сапар. Ш.65 – 388 б
Бұл кітап қазақ журналистикасын кәсіби деңгейге көтеруге атсалысып, сол үшін бүкіл дерлік ғұмырын арнаған сара сөздің сардары, белгілі публицист, жазушы С. Байжановтың ұл руханияты үшін еткен еңбегінен, ғибратты ғұмырынан сыр шертеді. Онда көркемсөз шеберінің адам жанын тебірентер туындылары және сұхбаттары, мұрағат құжаттары, фотосуреттер, замандастарының, әріптестерінің, шәкірттерінің ыстық лебізге толы естеліктері берілген.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.