
Нәрікбаев Мақсұт. Ш. 63 – 294 б.
Кітап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белгілі түлектерінің бірі, ҚР Бас прокуроры (1995–1996), ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы (1996–2000), Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры (2000–2009, 2012–2013) қызметтерін атқарған, ҚазГЗУ АҚ Президенті, «Әділет» демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы, «Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық қозғалысының көшбасшысы, жоғары мемлекеттік органдардағы көптеген комиссиялар мен кеңестердің мүшесі – заң ғылымдарының докторы, профессор Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлына арналады. Оған құттықтаулар, жаңа және бұрын түрлі басылымдарда жарияланған мақалалары, мұрағат материалдары, белгілі заңгер-ғалымның фотосуреттері және де еңбектерінің библиографиясы енді.
Кітап заң оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға, оқытушыларға арналады.