
Беремжанов Батырбек. Ш. 7 - 381 б.
Кітап белгілі ғалым, республиканың химиялық білімі мен ғылымының ірі ұйымдастырушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор Батырбек Ахметұлы Бірімжановқа арналған.
Кітапта ғалымның жан-жақты ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметін сипаттайтын материалдар, оның республиканың химиялық білімі мен ғылымының дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі, ғалымдардың, серіктестерінің, әріптестері мен студенттерінің естеліктері бар. Сонымен қатар мұрағат деректері мен әр жылдардағы фотосуреттер жинақталды.
Кітап қалың оқырманға, оқытушыларға, студенттер мен магистранттарға арналған.