Бірінші Бүкілодақтық түркітану съезі

Бірінші Бүкілодақтық түркітану съезі

Шыққан жылы: 2019ISBN: 978-601-04-3831-6

Кітап 1926 жылғы 26 ақпаннан 5 наурызға дейін Баку қаласында өткен Бірінші Бүкілодақтық Түркітану съезінің стенография арқылы жазылған есепті баяндамасының екінші басылымы болып табылады. Онда әлемге әйгілі лингвист ғалымдардың, тарихшылардың, этнологтардың, саяси қайраткерлердің түркі тілдеріне және болашағыны арналған баяндамалары тыңдалған және резолюциялар қабылданған. Атап айтқанда, қазақстандық делегация мүшелерінің, Ахмет Байтұрсыновтың баяндамалары жаңа түркі алфавитін бекітуге, ана тілін үйрену әдістері, ғылыми терминологияға және т.б. мәселелерге қатысты болды. 1926 жылғы түркітану дискурсының мазмұны қазіргі уақытта республикада әліпбиді реформалау кезінде, сондай-ақ елордамыз Астанада өтетін Дүниежүзілік түркітану конгресінің қарсаңында өзекті болып табылады.

Кітап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың алғы сөзімен және Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Иса Габиббейлидің кіріспе сөзімен толықтырылды. Түркі өркениетінің тағдырына, мәдени мұрасының сақталуына бей-жай қарамайтындарға арналған.