
Жібек жолындағы ақылды қалалар: қалалардың тұрақты дамуының халықаралық тәжірибесі
Бұл монография «Зияткерлік университеттер - ақылды қалалар» жобасы бойынша жазылған ғылыми мақалалар жинағы болып табылады. Онда білім беру, тұрақты қалалар мен елді мекендер, тұрақты даму үшін тиімді институттар мен серіктестік тақырыптары қозғалады. Атап айтқанда, бірінші бөлімде интеллектуалды және тұрақты қалалардың дамуы мен урбандануының жаһандық трендтері мен үрдістері қарастырылады. Екінші бөлімде нақты қалалар мен университеттік қалашықтардың дамуы мен тұжырымдамасы мысалында ақылды және тұрақты қалаларды дамытудың үздік халықаралық тәжірибесі бағаланады. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында және Орталық Азияда ақылды және тұрақты қалалар мен кампустарды дамыту тәжірибесі бағаланады.